Bilim Land оқыту семинары » №149 Әлиакбар Монтаев атындағы орта мектебі
Қызылорда облысы білім басқармасының
Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№149 Әлиакбар Монтаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
январь
2018

Bilim Land оқыту семинары

 

Педагог қызметкерлердің IT –құзіреттілігі.

«Bilimland.kz» платформасын оқу үрдісінде тиімді пайдалану

№149 Ә.Монтаев атындағы орта мектебінде «Bilimland.kz» порталындағы цифрлық білім беру контентімен жұмыс жасау, «Педагог қызметкерлердің ІТ – құзіреттілігі. «Bilimland.kz» платформасын оқу үрдісінде тиімді пайдалану» тақырыбында іс–шаралар жоспары жасалып, осы жұмыстарды жүргізу үшін жауапты мамандар мектеп директорының 2017 жылғы 13 қарашадағы №106- бұйрығымен бекітілді.Іс – шаралар жоспарына сәйкес 2017 жылдың 06 желтоқсанында «Bilimland.kz» порталындағы цифрлық білім беру ресурстарын түсіндіру мәселелері бойынша барлық мұғалімдермен оқыту семинары ұйымдастырылды. Барлық мұғалімдерге оқыту 

семинарында өткізілетін жұмыстардың бағдарламасы таратылды. Семинарға қатысушыларды тіркеу жұмыстары жүргізілді.

Семинарды мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Батаева

ашып, «Bilimland.kz» порталындағы цифрлық білім беру ресурстарымен жұмыс жүргізуге байланысты түсінік беріп өтті және осы порталдағы өткізілетін байқауларға назар аударуға шақырды. Мектептің информатика пәнінің мұғалімі Қ.Сунақбаева барлық қатысушы мұғалімдерге «Bilimland.kz» порталындағы цифрлық білім беру ресурсын сабақ барысында қалай пайдалануға болатынын әріптестеріне түсіндірді. Бастауыш және жоғары сынып мұғалімдеріне «Bilimland.kz» порталындағы цифрлық білім беру ресурсынөздері пайдалануға мүмкіндік жасады. Барлық мұғалімдерді«Bilimland.kz» порталындағы цифрлық білім беру ресурсын сабақ барысында тиімді пайдалануға шақырды. «Bilimland.kz» порталындағы цифрлық білім беру ресурстарын оқу үрдісінде тиімді пайдалану бағытындағы жұмыстар жыл көлемінде жүргізілетін болады.


 

 

 

 

 

 

 

 


 


 

Похожие публикации:

24 январь 2018 Мектеп тарихы