Қаржылық қызметтің негізгі көрсеткіштері - №149 Әлиакбар Монтаев атындағы орта мектебі

Мектеп тарихы