Мектеп әкімшілігі

№ 149 Ә.Монтаев атындағы орта мектебінің директоры
Рыспембетова Жеңіскүл Аманбайқызы
Рыспембетова Жеңіскүл Аманбайқызы - 1970 жылы дүниеге келген. Қызылорда облысы, Шиелі ауданында тұрады. Жоғары білімді, жоғарғы санатты ұстаз. Қызылорда мемлекеттік университетін 1994 жылы бітірген. Мамандығы қазақ тілі, әдебиеті пәнінің мұғалімі. толық еңбек өтілі 33 жыл. Мектеп директоры ретінде еңбек өтілі 17 жыл. Аудандық Білім бөлімінің Құрмет грамотасымен, Облыстық білім беру департаментінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, облыс әкіміні Алғыс хаттарымен марапатталған.

№149 Ә.Монтаев атындағы орта мектебінің бейінді оқу ісі жөніндегі орынбасары
Жарқымбекова Айнакүл Дүйсенбекқызы
Жарқымбекова Айнакүл Дүйсенбекқызы 1961 жылы дүниеге келген. Қызылорда облысы Шиелі ауданы, Иіркөл ауылдық округінде тұрады. Жоғарғы білімді, І санатты ұстаз. Жамбылпедагогикалық институт 1985 жылы бітірген. Мамандығы физика және математика пәнінің мұғалімі. Толық еңбек өтілі 32 жыл. Облыстық білім бөлімінің Құрмет грамотасы, Аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасы, Аудандық кәсібодақ комитетінің Алғыс Хаттарымен бірнеше рет марапатталған.

№149 Ә.Монтаев атындағы орта мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары
Батаева Дина Мұханбетқызы
Батаева Дина Мұханбетқызы 1976 жылы дүниеге келген. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Иіркөл ауылдық округінде тұрады. Жоғары білімді, жоғары санатты ұстаз. Қызылорда мемлекеттік университетін 2001 жылы бітірген. Мамандығы Қазақ тілі пәнінің мұғалімі. Толық еңбек өтілі 24 жыл. Аудандық, облыстық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталған.

№149 Ә.Монтаев атындағы орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Охапова Жанат Уалиханқызы
Охапова Жанат Уалиханқызы 1972 жылы дүниеге келген. Қызылорда облысы, Шиелі ауданында тұрады. Жоғары білімді, жоғары санатты ұстаз. Қызылорда педагогикалық институтын 1994 жылы ағылшын және француз тілі пәні мамандығын бітіріп шығады. Толық еңбек өтілі 24жыл. Осы қызметтегі өтілі 4 жыл.

№149 Ә.Монтаев атындағы орта мектебінің бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары
Сарсенбаева Күлаш Байсанқызы
Сарсенбаева Күлаш Байсанқызы 1964 жылы дүниеге келген. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Иіркөл ауылдық округінде тұрады. Жоғары білім, І санатты ұстаз. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын 1986 жылы орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі мамандығына бітірген. Жалпы еңбек өтілі 30 жыл.