16
февраль
2022
БАСЫМДЫҚТЫ АНЫҚТАУДАҒЫ БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫС ЖӘНЕ ІС - ӘРЕКЕТТІ ЗЕРТТЕУ
№149 Әлиакбар Монтаев атындағы орта мектебінде аудандық серіктес мектептер арасында "БАСЫМДЫҚТЫ АНЫҚТАУДАҒЫ БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫС ЖӘНЕ ІС - ӘРЕКЕТТІ ЗЕРТТЕУ"
"LESSON STUDY - TIME" ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ барысында "SMART-МАГНИТ" №47. 49. 149. 158. 251, 151, 155 серіктес мектептер қоғамдастығының жылдық жоспарына сәйкес, "Басымдықты анықтаудағы бірлескен жұмыс және іс –әрекетті зерттеу" тақырыбында «Lesson Study - Time» жобасы аясында семинар- практикум ұйымдастырылды.
І.Блум таксономиясы негізінде ұйымдастырылған семинар-практикумда мектеп үйлестірушісі Түменбаева Ләззат "Білім - таным мен ойлаудың негізі" тақырыбында сұрақтар бекетіне тоқтау арқылы мектеп, ауыл тарихы туралы сұрақтар қойылды. Мектеп педагог-психологі Жұмабекова Данагүл "Сенім" атты психологиялық тренинг өткізді.
ІІ. Семинардың тәжірибелік бөлімінде ағылшын тілі пән мұғалімі Тұрлыбек Нұрғиса "Festivals blog", орыс тілі пән мұғалімі Майлыбаев Мұхамеджан "В мире чисел", математика пән мұғалімі Алшынбай Айнұр "Математикалық мазмұндағы ақиқат және жалған пікір" тақырыптарындарын зерттеу сабағының қорытынды сабақтарын өткізді.
Сонымен қатар мектеп үйлестірушісі Түменбаева Ләззат "Анықтама жазудың алты қадамы «LS» органайзері" тақырыбында әдістемелік шеберхана, бастауыш сынып мұғалімі Боранбаева Элеонара "Әдістер гипермаркеті" тақырыбында кейс стади өтсе, Жәнібекова Әйгерім "Оқу үдерісіндегі «сабақты зерттеу» әдісі" тақырыбында коучинг ұйымдастырылды.
ІІІ Қорытынды бөлімде №149 орта мектеп директоры Рыспембетова Жеңіскүл Аманбайқызы сабақты зерттеу- бірлесіп жоспарлау, қадағалау, талдау арқылы жеткен жетістіктерге тоқталды.
Мектеп тренері Бекмырзақызы Күнімай және басқа мектептердің үйлестірушілері "Сабақты зерттеу мектеп тәжірибесінде" тақырыбында мектепте жүргізілген зерттеу жұмыстарын қорытындылады. Семинарды жоғары деңгейде өткізуге атсалысқан ұстаздар аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.