Семинар
«Мүмкіндігі шектеулі балаларға сабақ беретін мұғалімдердің
балалалармен жұмыс жүргізу» атты семинар
№149 Ә.Монтаев атындағы орта мектебінде 2017жылдың 22желтоқсанында мектептің психологиялық орталығының ұйыдастырылуымен, «Мүмкіндігі щектеулі балаларға сабақ беретін мұғалімдердің балалармен жұмыс жүргізу әдістері» тақырыбында аудандық семинар өтілді. Кез келген қоғамда,даму дәрежесі қаншалықты жоғары болғанына қарамастан,әлеуметтік қиындықтар болып тұрады. Осындай себептің салдарынан,қазіргі кездеәлеуметтік көмекке мұқтаж болып отырған мүмкіндігі балалар күннен күнге көбеюде.Әрине мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп,әлеуметтік тұрмысқа баулуда,ата-ана мейірімімен қатар, мұғалім және психологтың тарапынан шексіз,мейірімділіктің қажеттілігі бірден айқын байқалады.
Өтілген семинардыңбасты мақсаты: қазіргі қоғам дамуының үрдісіне сай балаға руханикүш, сенім өзін тұлға ретінде қоршаған ортаға бейімдеу болып табылады. Бұл семинар үш бөлім бойынша жүргізілді.
Бірінші «Менің шынайы әлемім»тақырыпта балалардың өз қолымен жасаған бұйымдары көрсетілді. Әрбір баланың жасаған еңбегі өз ерекшелігімен ұстаздардың жүрегіне ой салды деседе болады.
Екінші «Бәріміз – кемсітуді білмейміз» семинар бойынша, аудандық білім бөлімінің әдіскері Қалыбек Нағима апай жылы лебізін білдіріп, семинарды ашып берді.
І – теориялық бөлім бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларға сабақ беретін мұғалімдердің балалармен жұмысжүргізу әдістері бойынша Д. Жұмабекова баяндама жүргізді және өзінің практика жүзінде қарапайым заттардан балалармен жұмыс жасайтын әдістерімен бөлісті.
Жалпы сөйлеу тілі бұзылған балаларға педагогикалық көмек көрсетуді ұйымдастыру мақсатында № 50 мектеп дефектологы Мұхамеджанова Гүлдана теориялық білімімен бөлісті. Логоритмика тақырыбында №127 мектеп дефектологымен логопеді Айгерім Рахметова, Айгерім Серікбай өздерінің практикалық жұмыстарын көрсетті.
ІІ – бөлім бойынша құм терапиясы, монтессори әдісі арқылы Айгерім Сейтқұлова келген ұстаздарға практикалық жұмыс көрсете отырып, тренинг ұйымдастырды.
«Сен өзгерсең, сенің әлеміңде өзгереді» атты тренинг бойынша, Бауыржан Дәуімбаев тренинг жүргізді. Нәтижесінде барлық семинарға жиналған ұстаздардың көңіл – күйлері көтерліп, сергіп қалды.
ІІІ – бөлім бойынша «Бәріміз бірдейміз-кемсітуді білмейміз» атты бейнебаян көрсетіліп, әрбір ұстаздың жүрегінде мейрімдігі артып, әрбір баланы болашағым деп, бөліп жармай қолдау мен рухани күш бере отырып, білім нәрімен сусындырамыз деген пікір қалыптастырды.
Семинарды қорытындылау үшін мектеп директоры Ж.Рыспембетова сөз берілді. Аудандық білім бөлімінің әдістері Нағима Қалыбекке сөз беріліп, әрбір өзінің жұмыс тәжірибиесімен бөліскен қызметкерлерге еңбектерін бағалай отырып алғыс хатпен марапатталды.