27
декабрь
2021
Ағылшын тілі апталығы
N149 Ә.Монтаев атындағы орта мектебіндегі 2021-2022 оқу жылының Ағылшын тілі апталығы барысында ашық сабақтар, бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен сахналық қойылымдар, музыкалық сағаттар, Аяз атаға пошта арқылы хаттар жөнелтіліп, "Puzzle time", "Polyglot" "Spelling bee" атты көңілді үзілістер болып өтті.7 сыныптар арасында "Discovery quest" атты шытырман оқиғалы ойыны, жоба қорғау жұмыстары, мектеп мұғалімдерімен "Team building, 1+1=5" жұмыстары жүргізілді. Апталық қорытындысында Аяз ата мен Ақшақар сыныптарды аралап, өнерлерін тамашалап сыйлықтар сыйлап, белсене қатысқан оқушыларды арнайы дипломдар мен алғыс хаттармен марапаттады.

















