"Химия, биология және география" әдіс бірлестігінің «Жаратылыстану ғылымы – ғылымдардың патшасы» тақырыбындағы апталығы » №149 Әлиакбар Монтаев атындағы орта мектебі
Қызылорда облысы білім басқармасының
Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№149 Әлиакбар Монтаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Химия, биология және география" әдіс бірлестігінің «Жаратылыстану ғылымы – ғылымдардың патшасы» тақырыбындағы апталығы
14
январь
2021

"Химия, биология және география" әдіс бірлестігінің «Жаратылыстану ғылымы – ғылымдардың патшасы» тақырыбындағы апталығы

«№149  Ә.Монтаев атындағы мектебі» КММ-де 2019– 2020 оқу жылының

27-31 қаңтар аралығында өткізілген  «Химия, биология және география» әдіс бірлестігінің «Жаратылыстану ғылымы – ғылымдардың патшасы» тақырыбындағы апталықтың өтуі жайлы

 

Анықтама

            «№149  Ә.Монтаев атындағы мектебі» КММ-нің химия, биология және география  әдіс бірлестігінде сабақ беретін 6 маман бар. 1- І санатты ұстаз, 5 жас маман.

«№149  Ә.Монтаев атындағы мектебі» КММ-де 2019– 2020 оқу жылының

27-31 қаңтар аралығында өткізілген  «Химия, биология және география» әдіс бірлестігінің «Жаратылыстану ғылымы – ғылымдардың патшасы» тақырыбында апталық болып өтті.

         Апталықтың мақсаты: мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін, ақпараттық сауаттылығы мен шығармашылық потенциалын дамыту, тәрбиалеу, оқытудың инновациялық әдістері мен тәсілдерін тәрбие үдерісіне енгізуде әдістемелік сүйемелдеу бағытындағы жұмыстарды жүйелендіру.

       Апталықтың жоспары бекітіліп, пән мұғалімдері ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстарын өтті. Ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстарға мектеп директорының орынбасарлары мен пән мұғалімдері мен жас мамандар қатысты. Өткізілген сабаққа талдау жасалып, мұғалімдерге ұсыныстар жасалды. Апталықтың бірінші күнінде апталықтың ашулы болды, оқушыларға арнайы пән мұғалімдері тапсырмаларды ақпарат тақтасына іліп қойды. Апталықтың алғашқы күнінде әріптестерге дәрумендер таратылды.

      

"Химия, биология және география" әдіс бірлестігінің «Жаратылыстану ғылымы – ғылымдардың патшасы» тақырыбындағы апталығы

 

Оқушыларға үлкен үзіліс кезінде апталықтың ашылуы жасалды. Апталықта оқушыларға табиғатты аялау, қорғау, жаман әдеттен аулақ болу, спортпен айналысу денсаулықтың кепілі жайлы түсінік қалыптастыру мақсатында «Флешмоб» биі көрініспен көрсетілді. 

27 күні Смаханова Әйгерім 7 «Ә» сыныбында «Өсімдіктерді өсуі мен дамуына жарықтың әсері» тақырыбында өткен сабағы жақсы бағаланды. Пән мұғалімі «Bilimland.kz» сайытының тапсырмаларын пайдаланды. АКТ-мен жұмыс жүйелі жасалды.

"Химия, биология және география" әдіс бірлестігінің «Жаратылыстану ғылымы – ғылымдардың патшасы» тақырыбындағы апталығы

 

Бектегенова Гүлжайна 8 «А» сынып оқушыларына «Тірек-қимыл жүйесінің маңызы» тақырыбында сабағын өте жақсы жүргізді. Оқушылар сабаққа белсенді түрде қатысты. Сабақта топтық жұмыстар жүгізіліп, оқушылар постер қорғады. Пән мұғалімі сабағында әр түрлі әдістерді тиімді қолданды. Сонымен қатар, бірлестігіміздегі Қали Гүлзада 6 «Б» сыныбына  «Тірі табиғаттағы үдерістер» тақырыбында ашық сабақ жүргізді. Сабақта АКТ мен бейне сабақтар көрсетілді.

"Химия, биология және география" әдіс бірлестігінің «Жаратылыстану ғылымы – ғылымдардың патшасы» тақырыбындағы апталығы

 

Апталықтың екінші күнінде, Бупежанова Нүрияш «Қызықты география» тақырыбындағы интеллектуалды сайысжұмысын жүргізді. Мұндағы ерекшелік- 9 сыныптар арасындағы оқушылар білім деңгейлерін көрсетті. Бұл жұмыс түрінің мақсаты – географияны үздік меңгерген оқушыны анықтау болды және оқушылардың кескін қарталарды жақсы меңгергенін жеткізу болды.

Келесі күні бірлестігіміздің мүшесі – Кенжебаева Маржан 3 «А» сыныбында Жер сфералары дегеніміз не? тақырыбындағы ашық сабағын көрсетті. Сонымен қатар Бупежанова Нүрияш «Географиялық қабық» тақырыбында 7 «А» сыныбына ашық сабақ өтті. Сабақ деңгейі өте жоғары болды. Оқушылар мен ұстаздың арасындағы қарым-қатынас жасау деңгейі жақсы. Сабақта жұптық және жеке жұмыстар орындатылып, бейнероликтер тиімді мағлұматтарды көрсете алды. АКТ-ны жүйелі пайдаланылды.

"Химия, биология және география" әдіс бірлестігінің «Жаратылыстану ғылымы – ғылымдардың патшасы» тақырыбындағы апталығы

 

Келесі күні бірлестіктің мүшелері Ә.Смаханова мен Г.Бектегеновалар оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығын дамыту мақсатында «Гүлдер көрмесін», Г.Қали және М.Кенжебаева бірге 6 сыныптар арасында «Қызықты жаратылыстану әлемінде» тақырыбында білгірлер сайысын өткізді. 30.01.20 ж бірлестік мүшелері А.Нысанбаева мен Ә.Смахановалар «Ұстаз еңбегі – ұлы еңбек»,«Ұлы тұлғалар» атты оқушылардың мектепішілік ғылыми тәжірибелік конференциясын өткізді. Мұндағы негізгі мақсат – оқушылрды аудан, облыс көлемінде ғылыми жобаларға барып, өздерінің білімдері мен талантын көрсету, нәтижелерін талдау болды.

31.01.20ж күні 9 «Б» сыныбына А.Нысанбаева Күкірт қышқылы және оның тұздары. №5 практикалық жұмыс 31«Сұйылтылған күкірт қышқылы ерітіндісі және оның тұздарының химиялық қасиеттерін зерттеу» тақырыбында ашық сабағын өтті. Ашық сабаққа бірлестік мүшелері, жас мамандар қатысты.

"Химия, биология және география" әдіс бірлестігінің «Жаратылыстану ғылымы – ғылымдардың патшасы» тақырыбындағы апталығы

 

ТЖБ, БЖБ тапсырмаларын құрастыру жолдары (семинардан алған тәжірибелермен бөлісу) бірлестік мүшелері А.Нысанбаева, Г.Бектегенова, М.Кенжебаевалар өз тәжірибелерімен бөлісті.Сонымен қатар апталықтың соңғы күнінде бірлестік мүшелері өткен жұмыстарды талқылап, қорытындылары жайлы айтылды.

Анықтама беруші:А.Нысанбаева