24
декабрь
2020
Тіл - бірліктің кілті
№149 Ә.Монтаев атындағы орта
мектебінде 22 қыркүйек - Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер мерекесіне
орай 1.09 -20.09.2020 жыл аралығында «Тіл - бірліктің кілті»
тақырыбында қашықтан жүргізілетін жұмыстардың өткізілуі жайлы
Анықтама
Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз - қазақ тілі болып бекітілгені анық. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз - тіліміз.
«Адамға екі нәрсе тірек тегі, Бірі - тіл, бірі - ділің жүректегі»,- деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, кез келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Біздің Отанымыз байтақ та бай ел. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың өз ана тілі бар. Ана тілі адам баласының бойына ана сүтімен кіріп, бойға тарайды. Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігі, көркемдігі өрлігінде, орасан зор байлығында. Атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұраны дәріптеу мақсатында №149 Ә.Монтаев атындағы орта мектебінде 22 қыркүйек - Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер мерекесіне орай 1.09 -20.09.2020 жыл аралығында қашықтан «Тіл - бірліктің кілті» тақырыбында іс- шара болып өтті.
Іс- шараның мақсаты: қазақ тілі мәртебесін көтеру; тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру және тілдік белсенділіктерін жоғарылатуға ынталандыру. Өмірден өз орнын таңдай алатын, кез-келген ортаға тез бейімделетін, өз ойы мен пікірін үш тілде жеткізе алатын ұрпақ тәрбиелеу; Қазақ тілін оқыту, сонымен қатар көптілділікті меңгеруді жолға қою. Жоспарланған іс – шараларға мектептегі ағылшын, орыс, қазақ тілі мұғалімдері белсене қатысты. Әр мұғалім өз қалауынша ашық сабақ, ашық тәрбие сағаттарын өткізді. Мұғалімдер оқушылардың білім деңгейін дамытуға тырысты. Тілдер апталығының қорытындысы бойынша іс-шаралар бекітілген жоспар бойынша жүзеге асырылды. Жауапты мұғалімдер өздеріне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен атқарды. Сыныптар арасында түрлі тақырыптық сайыстар ұйымдастырылып, ойынға қатысушылардың тілдер туралы білімі сараға салынды. Мектеп оқушылары түгел қамтылып, тілдерге деген қызығушылықтарын көрсетіп, белсенділік танытты. Іс- шаралар мазмұнды да қызықты өтті.
Алдағы уақытта да,
осындай іс-шаралар өз жалғасын табады. Ұстаздар қауымына шығармашылық табыс
тілеймін!