Егемен елдің болашағы – біз
Тәрбие сағатының тақырыбы: Егемен елдің болашағы – біз
"Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз".
(А. Байтұрсынұлы)
Тәрбие сағатының мақсаты: Биік
шыңдарға біліммен,танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірлеріңді тұжырымдап
айтуға, еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға үйрену.
Сабақтың түрі: топтық сайыс
Сабақтың көрнекілігі: белсенді тақта
, тапсырмалар
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі мен
әдебиеті, математика
Сабақтың барысы:
1. Топқа бөлу
2. Шаттық шеңбері
3. Бейнеролик көру
Топтық
жұмыстар :
І –топ Егемендік
ІІ –топ Қазақстан
ІІІ-топ Астана
ІҮ –топ Елбасы
І.Кіріспе сөз.
Оқысаң — озарсың, Оқымасаң — тозарсың.
Білімдіні бала болса да, аға деп біл.
Адамның көркі киімі емес, білімі.
Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірін тұжырымдап айтуға еркін сөйлеуге,
өзіне сенімді болуға, өзгенің пікірін тыңдап, бір - бірін құрметтеуге
үйренуіміз керек. Топтағы оқушылар түсінбегенін бір - бірінен сұрап, сөйлемеген
оқушыны сабаққа қатыстыру, жұмыс істеу нәтижесінде өзінің және топтағылардың
намысын қорғау, бірлесіп еңбек ету, шешім қабылдау сияқты кұндылықтармен бірге,
күнделікті сабақтан хабардар болып отыруға тиіссіздер.
Сендер саналы, білімді азамат болып өсуі үшін өздеріңнің бірінші парыздарыңыз
не деп ойлайсыңдар?
1. Білім алу.
2. Отанды сүю.
3. Ана тілін сүю, құрметтеу,
4. Ұлт жанды азамат болу.
5. Атамекенді, туған жерді сүю.
6. Денсаулығы мықты азамат болу.
— Өздерің айтқандай, туған жерін, ата мекенің, тілін, дінін сүйіп, жақсы білім
алып, халқына адал қызмет еткен кімдерді білесіңдер?
Отан намысын қорғаған Әлия, Мәншүк сынды әпкелерімізді, ел Тәуелсіздігі үшін
жас жандарын пида еткен Қайрат. Ләззат. Сәбира, Ербол тағы басқа аға -
апаларымызды білеміз.
ІІ. Өлең
жолдарын құрастыру .Ермек
Өтетілеуұлы .«Мақтанышым - Астанам »
І –топ Егемендік
Алтын Арқа даласы ,
Жасыл Есіл жағасы.
Қанат жайып құлпырған,
Аспаны ашық қаласы .
ІІ –топ Қазақстан
Болашаққа бастаған,
Шарықтайды асқақ ән .
Елордасы Отанның –
Мақтанышым – Астанам
ІІІ –топ Астана
Қызу еңбек қайнаған ,
Алып құрылыс айналам .
Ғимараттар ғажайып,
Шоқтығындай бай далам.
ІҮ –топ Елбасы
Батыс , шығыс зергері ,
Үйлескендей өрнегі .
Астана - алып көрмесі,
Әсем сәулет өнері
Әр топтан спикерлер шығып, өз топтарының тапсырмаларын қорғайды.
«От шашу» арқылы бағалау
Хор : Тәуелсіз елім
ІІІ . Кезең . Топтық жұмыс ( 10 минут )
І -топ. Мақалдың жалғасын тап
1.Отан үшін күрес – ерге тиген үлес .
2.Отансыз адам - ормансыз бұлбұл .
3. Орағың өткір болса , қарың талмайды,
Отаның берік болса ,жауың алмайды
ІІ -топ .Сәйкестендіру
Тұңғыш астана Н.Ә.Назарбаев
Алматы Сәукеле
Астана Қошқармүйіз
Елтаңба Орынбор
Әнұран Ж.Нәжімеденов
Ту Теңге
Тұңғыш Елбасы Медеу мұз айдыны
Мемлекеттік тіл Бәйтерек
Ұлттық валюта Ж.Мәлібеков
Ұлттық киім Наурыз
Ұлттық ою –өрнек Ш.Ниязбеков
Салт –дәстүр Қазақ тілі
ІІІ-топ .Жылдар,айлар
1986 жыл - Желтоқсан оқиғасы
1991 жыл - Тәуелсіздік алған жыл
1997 жыл - Астана қаласынын көшіру
1991ж 2 қазан – Тұңғыш ғарышкер
28 жыл - Егемендікке 28жыл
ІҮ-топ . Сөзжасам құрау «Қазақстандықтар»
Қазақ
Ақ
Тақ
Сан
Тар
Қара
Т.б
Топ спикерлері орындаған жұмыстарын қорғау.Смайликтер арқылы бағалау.
ІҮ Қорытынды.
Адам баласы тек білім арқылы дүниені таниды, табиғаттың құпия сырларын ашады, ғылымды дамытады, техниканы өрістетеді, қоғамды ілгері бастырады. Білім арқылы өткен тарихын таниды, одан тағылым алады, болашағын болжап, келешегін белгілейді "Ақыл жастан, асыл тастан" деген сөзді халқымыз жас толқынның болашағынан үміт күткендіктен айтқан болар. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Қоғам талабына сай өз тілін сүйетін, көп тілде еркін сөйлей білетін білімді, өнерлі, ақыл – парасаты мол азамат болып өсейік.