Тәуелсіздік - ел тілегі » №149 Әлиакбар Монтаев атындағы орта мектебі
Қызылорда облысы білім басқармасының
Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№149 Әлиакбар Монтаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
декабрь
2019

Тәуелсіздік - ел тілегі

 

Ертеңгіліктің тақырыбы: Тәуелсіздік - ел тілегі
Мақсаты: Тәуелсіздік күні, желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беру.
Оқушыларға патриоттық тірбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқынның тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.


Мұғалімнің сөзі: Құрметті қонақтар, ұстаздармен оқушылар, халқымыз үшін ең қасиетті де қастерлі тәуелсіздікке 28 жыл толды. Бүгінгі «Тәуелсіздік – ел тілегі» деп аталатын тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Еркеназ:
Әнұраным жанұраным
Айтарәнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім – сағынарым
Мәңгі бақи шырқалады.

Мемлекеттік ән ұран орындалады.

 

Інжу:

Мен қазақпын мың өліп мың тірілген
Жүрегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн тірілген.
Менқазақпын, биікпін байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім
Менмыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айтабергім келеді айта бергім!

 

Аслан:
Бізқазақ деген мал баққан елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.


Елімізден құт-береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Ешбірдұшпан басынбаған елміз
Басымыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз,
Дәм-тұзын ақтай білген елміз.
Атадан ұл туса құл болам деп тумайды,
Анадан қыз тусы күң болам деп тумайды.
Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз
Асқақтаған хан болса, хан ордасын алмайтын елміз.

Нұрислам:
Осындай боп, білмеймін, кімнен тудым?
Бәлки сақ, бәлки бір ғұннан тудым.
Депшатыпты біреулер «күннен тудым»
Жоқ, сірә мен қара құл, күннен тудым...

 

Ән «Мен қазақпын»

Мұғалім:
Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан кейін аз уақытта бұрын өніміз түгілгі түсімізге енбеген оқиғалар болды. Сол жетістіктерімізді атап өтейікші (оқушылар кезекпен)
• 1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды;
• 1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты;
• 1991 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш Президентіміз сайланды;
• 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кірді;
• 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады;
• 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз мемлекетіміздің негізгі заңы Конституция қабылданды;
• 1993 жылдың 15 қарашасы жас мемлекетіміздің тарихында еркеше күн болды. Осы күннен бастап, ұлттық валютамыз – теңге айналымға енді. Қазақстанды бүкіл әлем таныды.

 

Салтанат:
Тәуелсіз елдің ұлы өжет,
Қызы – қайратты,
Халқы – қаһарман.
Тәуелсіздікті анаңдай ардақта,
Баландай мәпеле,
Құдайдай құрметте!
Тәуелсіздік үшін тәніңді де,
Қаныңды да,
Жаныңды да аяма!

Жанерке:
Елтаңбамыз ажарлы
Ән – ұранымыз әуенді
Асқақ бола түссін!
Елдігімзідң белгісі –
Көгілдір туымыз әрқашан желбірей берсін!!!

Қортынды сөз:
Құрметті қонақтар!
«Тәуелсіздік – ел тілегі» атты тәрбие сағаты өз мәресіне жетті.
ЕЛІМІЗДІҢ ЕГЕМЕНДІГІ ЖАСАЙ БЕРСІҢ

 


Похожие публикации:

07 июнь 2019 Жетісіктер
24 январь 2018 Мектеп тарихы