Мерекел3к 3с-шаралар
№ 149 Ә.Монтаев атындағы орта мектебінде 2018 жылдың 19 – 23 ақпан аралығында өткізілген ағылшын тілі әдіс бірлестігінің «English language is a world spread language» тақырыбындағы апталықтың өтуі жайлы
Анықтама
№ 149 Ә.Монтаев атындағы орта мектебінің ағылшын тілі әдіс бірлестігінде сабақ беретін 6 маман бар. 1 Жоғары санатты ұстаз, 5 жас маман.
№ 149 Ә.Монтаев атындағы орта мектебінде 2018 жылдың 19 – 23 ақпан аралығында ағылшын тілі әдіс бірлестігі «English language is a world spread language » тақырыбында апталық болып өтті.
Апталықтың мақсаты: мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін, ақпараттық сауаттылығы мен шығармашылық потенциалын дамыту, тәрбиалеу, оқытудың инновациялық әдістері мен тәсілдерін тәрбие үдерісіне енгізуде әдістемелік сүйемелдеу бағытындағы жұмыстарды жүйелендіру.
Апталықтың жоспары бекітіліп, пән мұғалімдері ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстарын өтті. Ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстарға мектеп директорының орынбасарлары мен пән мұғалімдері мен жас мамандар қатысты. Өткізілген сабаққа талдау жасалып, мұғалімдерге ұсыныстар жасалды. Апталықтың бірінші күнінде апталықтың ашулы болды, оқушыларға арнайы пән мұғалімдері тапсырмаларды ақпарат тақтасына іліп қойды. Келесі күні Серікбаева Ақжарқын 5 «Б» сыныбында «Fantasy world» тақырыбында өткен сабағы жақсы бағаланды. Пән мұғалімі «Bilimland.kz» сайытының тапсырмаларын пайдаланды.
Жұмабай Ақбота 4 «Ә» сыныбына «London» тақырыбында ашық сабағын өтті. Жұптық жұмыстарды ұтымды жүргізіп, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артты. Пән мұғалімі «Bilimland.kz» сайытының тапсырмаларын пайдаланды. Балғабаева Сабира 7 «А» сыныбына «Natural disaster» тақырыбына ашық сабағын өтті. Сабақ соңында, пән мұғалімінің қатысуымен талдау жасалынды. Айтбай Салтанат 7 «Б» сыныбына «Looking at the disaster in Kazakhstan and around the world» тақырыбына ашық сабақ өткізілді. Жұптық және топтық жұмыстарды ұтымды жүргізіп, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артты.
Келесі күні Охапова Жанат 8 «Б» сыыныбына «Save the nature» тақырыбына ашық сабақ өткізілді. Оқушылардың фонетикалық және лексикалық сауаттылықтары көрініп, сабақ жақсы деңгейде өткізілді.
Серікбаева Ақжарқын 7 – 9 сыныптар аралығына «The best pupil of 2018» тақырыбындағы сыныптан тыс сабағы өткізілді. Сыныптан тыс жұмысқа жалпы 6 оқушы қатысып, ІІІ орын иесі 7 «А» сынып оқушысы – Әділханова Сұлушаш иеленсе, ІІ орынды 9 «А» сынып оқушысы – Мажитова Аяжан иеленді. І орын иесі 9«А» сынып оқушысы Басқар Бибінұр иеленді.
Айтбай Салтанат 5а – 5б сыныптар арасында «A glance to the future: modernization of public consciousness» сыныптан тыс жұмысы жоғары деңгейде өткізілді. Оқушылар білімдерін арттырып, үштілділікті қолданды. Жұмабай Ақбота 6 сыныптар арасында «A leader of the 21st century» атты тақырыбында сыныптан тыс жұмысын өте жақсы өткізіп,




