Тіл мерекесі апталығы
№149 Ә. Монтаев атындағы орта мектебінде 5 қыркүйек — Қазақстан халықтарының Тілдер мерекесіне орай «Мәңгілік ел - Мәңгілік тіл» тақырыбында мерекелік іс - шара өткізілді. Мемлекеттік тіл — аса маңызды да ең өзекті мәселе, тіл — қазақтың жан дүниесі, рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгісі болып табылады. Сондықтан мемлекеттік тілді білу — өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі екенін таныту мақсатында мерекелік іс - шара ұйымдастырылды.