Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу К.Бекмырзақызы
№149 Ә.Монтаев атындағы орта мектебінің тренері К.Бекмырзақызы «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» мектепішілік кәсіби даму курсын жүргізуде."Мұғалім тәжірибиесіндегі зерттеу" мектепішілік кәсіби даму курсының білім беру бағдарламасы аясында курсқа 15 мұғалім қатысып отыр. Сабақты зерттеу және Іс-әрекетті зерттеу тәсілдерін іске асыру шеңберінде мұғалімдердің зерттеу дағдыларын дамытуға ықпал жасау мақсатында мектеп тренері "Іс - әрекеттегі зерттеу үдерісімен танысу" тақырыбында сабақ өткізді.Сабақтың мақсаты: іс -әрекеттегі зерттеу тәсілі, оның кезеңдерімен танысып, зерттеу кезеңдерін талдау.Тыңдаушылар сабақ барысында алған білімдері негізінде іс-əрекеттегі зерттеу мен ғылыми зерттеудің айырмашылығын «DEAL» әдісі арқылы ажыратып көрсетті. Тыңдаушылар тақырыптың түйінді ойларын «Борт журналына» енгізді. Сабақ соңында тыңдаушылар тақырып бойынша алған білімдеріне «Бір сөйлеммен түйіндеу» арқылы кері байланыс берді.
Сабақтан көрініс