24
декабрь
2020
Ата-аналармен бірлескен жұмыстар
Ата-аналардың бала тәрбиесіне жауапкершілігін арттыру, мектеппен тығыз байланыс орнату және олардың педагогикалық білімін арттыру мақсатында ата-аналармен бірлескен іс-шаралар жыл сайын жүйелі өткізіліп отырады. Соның бір көрінісі, ата-аналармен бірлескен тәрбие сағаттарын өткізу, тәрбие процесінде дәстүрге айналды. Бұл шараларды өткізу нәтижесінде ата-аналардың тәрбие жұмысына белсенділігі, қызығушылығы және жауапкершілігінің артқандығын көруге болады. Тәрбие сағаттарына түрлі мамандықта жұмыс жасайтын ата-аналар үлгілі жұмыстарын көрсетті.