03
декабрь
2021
Оқыту әдістемесі және сабақ жоспарын әзірлеу
Мектеп тренері Л. Түменбаева 18 қараша 2021 жылы педагог кадрлармен "Оқыту әдістемесі және сабақ жоспарын әзірлеу" тақырыбында семинар-сабақ өткізді.Жұмыс барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі 472 бұйрығына сәйкес орта білім беру ұйымдарында педагогтер жүргізуге тиісті құжаттармен, оның ішінде қысқа мерзімді жоспарлаудың жаңа үлгісіндегі айырмашылықтарға тоқталды. Семинар-сабақ тренингпен басталып әдістемелік жұмыстармен нақтылана түсті. Мұғалімдер "түйінді сөздер" арқылы кері байланыс жасап, семинарда әдіс-тәсілдердің тиімді, мақсат нақты, оқыту мен оқу тәжірибелеріне енгізер жаңалықтың басымдығына тоқталды.
Табысты мектептің тағылымды ұстаздары әрдайым тренермен бірге!

Табысты мектептің тағылымды ұстаздары әрдайым тренермен бірге!
