Тәжірибедегі рефлексия
«Тәжірибедегі рефлексия» бағдарламасы бойынша курстың идеясын тәжірибеде іске асыруда №149 Ә.Монтаев атындағы орта мектептің тренері бастауыш сынып мұғалімі А.Жәнібекованың жұмысы.
Қазақстанның білім беру мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам бастап келеді. Жаңа форматтағы курстар ұйымдастырылып педагогтардың білімдерін шыңдауға барлық жағдайлар қарастырылып жатыр. Соның бірі Педагогикалық шеберлік орталығы және НЗМ ДББҰның бірлесіп ұйымдастырған мектеп тренерлерін дайындау курсы мектеп мұғалімдеріне жаңалық болғаны сөзсіз. Себебі, менің тәжірибемде деңгейлік курстан өтпеген мұғалімдер аса қызығушылықпен қатынасып, өздері үшін қолжетімді курс екендерін айтып, еркін, белсенді түрде өз қажеттіліктерін ала алды. Дәстүрлі білім беру шеңберінен шыға алмай жүрген әріптестерімізде курстың мазмұнын жете түсініп, тәжірибесінде қолданып көріп нәтижесін сезінгеннен кейін белсенді тыңдаушыларымның біріне айналды. Курс тыңдаушыларын ресурстармен бар мүмкіндігінше қамтамасыз етіп, жағымды ахуал, теория мен практиканы ұштастыратын күнделікті сабақ жоспарына аса жауапкершілікпен дайындалу әрбір мектеп тренерінің дағдысына айналғаны сөзсіз. Бұл біздер үшінде рухани дамуға, шеберлігімізді шыңдауға тамаша мүмкіндік болды.
«Мұғалімдікке таңдалған адам жақсы оқытушы болу үшін өзіне тиісті дүниелерді ретімен үйренсе керек. Ол өсу үшін де сабақ берудің оқыту ыңғайларын, әдістерін бақылап, қарап жүреді. Бірақ оқыту-баланы ғана оқыту емес, баламен бірге өзі де оқу екенін әсте естен шығармау керек»,-деген Ж.Аймауытовтың сөзі ұстаздарға көшбасшы болудың тетігін айқындайды. Қазіргі педагогті жаңартылған білім беру мазмұнына икемдейтін білім берудің басты модульдері деп ынталандырушылық, мазмұндық, үдерістік деп танысақ, мен өз қызметімнің құндылығы деп осы бағытқа негізделген барлық кәсіби әрекеттерді тыңдаушыларыма мақсатты түрде игерте алғаным деп санар едім.
Бағдарламаның базалық деңгейі,7 модулды тәжірибемде игертуде өзімнің де көптеген қызықты идеяларымды жүзеге асыру жөнінде белсенділігім арта түсті. Тыңдаушыларым да 7 модулді сабаққа енгізу, кіріктіруде қызығушылық танытты. Әрине кедергілерде кездесіп жатты.Сын тұрғысынан ойлауды дамытуда сұрақтардың дәрежесін көтеруде, жас ерекшеліктерді ескере отырып сабақты жоспалауда, АКТ-ны оқушылардың пайдасына қолдануды жоспарлау, мұғаліммен оқушы, оқушы мен оқушы арсындағы кері байланысты орнату мәселерінде қиналып, тәжірибелерінде қайта-қайта қолданып, шыңдалып нәтижесін көріп өздерінің дамитын тұстары мен сәтті тұстарын талқылайтындай дәрежеге жетті.
Тыңдаушыларымды әдістемедік тұрғыда жыл бойына қолдап отырдым, сабақтарына ену, өзімнің сабақтарыма шақыру, мектептегі деңгейлік курстан өткен педагогтардың ашық есік күндеріне қатынастыру, жаңартылған курстан өткен педаготарға апталықтар, курстан тыс шеберлік сыныптарды жоспарлауды, өткізуді үйрету жұмыстары жүзеге асып отырды. Курстан соң тоқсанына бір отырыс жасап, өткен білімдерін тағы бір еске түсіре отырып, жаңартылған білім мазмұны, критериалды бағалау, ОМЖ, ҚМЖ туралы ақпараттарға тағы бір шолу жасау. Әр күннің сабағын тыңдаушылар бөліп алып, өздері ұйымдастырады. Өзім мектеп тренері ретінде үнемі Педагогикалық шеберлік орталығымен, бірге оқыған әріптестермен үздіксіз байланыста болып, тәжірибеммен бөлісіп отырдым.