ҰБТ-ға жүйелі дайындық- нәтиже кепілі
ҰБТ-ға жүйелі дайындық- нәтиже кепілі
Негізінде сапа-оқушының тынымсыз еңбегі мен ұстазының ізденісі мен жүйелі жұмысының көрсеткіші. Жұмыстың нәтижелі болуы сол жұмысты дұрыс жоспарлаудан басталатыны сөзсіз. №149 Ә.Монтаев атындағы орта мектебінде де әрбір оқу жылында ҰБТ-ға даярлық жұмыстары жүйелі жүргізілуі нәтижесінде бітіруші түлектер жоғары балл алып жоғары оқу орындарының мемлекеттік білім гранттарын иеленуде. 2020-2021 оқу жылында мектеп бітіруші түлектердің бірнешеуі "Алтын белгіге" және Үздік аттесттатқа үміткер. Пән мұғалімдері оқу бағдарламасындағы тақырыптарды толық меңгерте отырып, ҰБТ-да да білімдерін дәлелдеу үшін дайындық жұмыстарын қосымша сабақтар арқылы да жүргізуде. Мектеп бітіруші түлектермен,ата-ана,пән мұғалімдерімен қашықтықтан әр түрлі пікірлесу,ақыл-кеңес беру, ой бөліс сағаттары өткізіледі.
