14
январь
2021
Үйірменің үйретері көп
Үйірменің үйретері көп
Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да , жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi.
Біздің данагөй халқымыз ежелден-ақ бала
тәрбиесін - болашақ тәрбиесі деп түсінген. Балалардың бос уақытын тиімді
ұйымдастыру, олардың күш-жігерін дұрыс бағытта жұмсау және бойында тұнып тұрған
туа біткен қабілетін ашу, өнерге баулу мектеп мұғалімдерінің қолында. Мектебімізде
спорт үйірмелері жүйелі жүргізілуде .
Үйірмелер - оқушылардың бос
уақытты тиімді қолдануға мүмкіндік береді. «Үлгісі көптің - өрнегі көп , өрнегі
көптің - ермегі көп» деп халық нақыл сөзінде айтылғандай бұл үйірмелердің
берері көп және жеткен жетістіктері аз емес.