03
декабрь
2021
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруді қажет ететеін оқушыларды оқыту ерекшеліктері» тақырыбында семинар
Мектебімізде 2021 жылдың 3 желтоқсан күні «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруді қажет ететеін оқушыларды оқыту ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізілді.
Инклюзивті білім берудің мақсаты – даму мүмкіндігі шектеулі балаларға қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады.
Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік беру.
Семинарға ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері қатысты.
Семинарда бағдарлама бойынша «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды оқыту ерекшеліктері» туралы слайдпен баяндама жасалды. Сонымен қатар 2-сынып оқушысымен жеке түзете-дамытушық сабағы көрсетілді. Мектеп мұғалімдеріне «ертегі терапиясы» өткізілді.
Инклюзивті білім беру жағдайында педагог өзіне көмекші құрал ретінде қолдан жасап алуға болатын және арнайы жасалған көмекші құралдар көрмесі қойылды.