24
декабрь
2020
Тәуелсіздіктің жеті қыры
149 Ә.Монтаев атындағы орта мектебінің 1 "г" сыныбында Өткенін ұмытпаған, баһадүрлерін ұлықтаған ұлан-ғайыр атыраптағы Тәуелсіздік мерекесі "Тұғыры биік Тәуелсіздік!" атты тақырыпта аталып өтілді. Тәрбие сағаты барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, Тәуелсіздіктің 7 қыры таныстырылды. Сондай ақ әнұранымыз шырқалып, бір минут үнсіздік жарияланды. Ән шашулар мен елдік ерлік туралы өлең шумақтары оқылды. Тәуелсіздік жолында шейіт болған боздақтарымыздың ерліктері аталып, өз Отанымыздың рухты азаматы болып өсулері үшін жан-жақты дамыған тұлға болып өсуіміз қажет екендігі айтылды.