Қарттарым – асыл қазынам
Қарттарым – асыл қазынам Ғасырлар арасын жалғастырып, алтын көпірге айналған мұраларымызды, кешегі мен бүгінді, бүгін мен болашақты сабақтастырған - тарихи мәдени ескерткіштер, жазбалар, деректер болған асыл қазынамызды келер ұрпаққа жеткізу қасиетті борышымыз. Ұлттың болашағы-ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі-ұстаз қолында. Ал ұстаз мұраты оқушы бойына әлемдік деңгейдегі білім сапасына тең дәрежеде білім нәрін құю және жетілген толыққанды азамат тәрбиелеу. Қазақта «Өзіңді өзің жаттай